“Ұстаздар күні” мерекесіне орай 3 қазан күні мектебімізде оқушыларды жалпы адамзаттық құндылыққа бағыттайтын өзін-өзі басқару жұмысын жандандыру, тұлғаның көшбасшылық қасиеттерін ашу және білім алушылардың ұйымдастырушылық қабілеттерін іске асыру мақсатында “ДУБЛЕР КҮНІ” өткізілді. Аталған мақсатты жүзеге асыруда мектеп оқушылары ерекше қызығушылық танытып,белсенді ат салысты. Сонымен қатар, жүргізілген шарада мектеп әкімшілігі мен пән мұғалімдерінің рөлін 9-10-11 сынып оқушылары атқарып, оқушылар өздері бір күн мұғалімдерге дублер болды. Оқушылар жауапкершілікті сезініп, өздеріне жүктелген міндеттерді толығымен орындады. Шара соңын қорытындылай келе, оқушылар “Дублер күні” алған әсерлері мен ұстаздық қызметтің қызығы мен қиындығы туралы өзара пікір алмасты. Мектеп әкімшілігі мүшелері,пән мұғалімдері де оқушылардың міндеттерін қалай атқарғаны жөнінде пікірлерін білдірді. Бір күн дублер бола отырып, мектеп өмірінің бір күндік тыныс тіршілігіне араласып оқушыларымыз оң әсер алды. • Мектеп директоры Куанышева Бакыт Кадыржанқының • орнына 9 «Ә» сынып оқушысы Қайрат Жанболат Азаматұлы дублёр болды. • Оқу ісі жөніндегі орынбасары Тойшыбаева Лаура Ақылбаевнаның • орнына: 9 «Г» сынып оқушысы Баймуратова Жазира Нурланқызы дублёр болды. • Оқу ісі жөніндегі орынбасары Амандық Айдана Көбейқызының • орнына 9 «В» сынып оқушысы Елюхан Дана Серикқызы дублёр болды. • Тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Шылманбет Нурсултан Асылбекұлының орнына 11 «В» сынып оқушысы Жаулыбай Айқын Ардақұлы дублёр болды. • Тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Кыздарбекова Наргул Казиханқының орнына 9 «Г» сынып оқушысы Сарсенгалиева Жансая Амирқызы дублёр болды. • Директордың әдістеме жөніндегі орынбасары Жапекова Индира Нурланқызының орнына 9 «А» сынып оқушысы Матай Даяна Рустамқызы дублёр болды. • Директордың әдістеме жөніндегі орынбасары Татибаева Ақмарал Жаманкуловнаның орнына 9 «А» сынып оқушысы Дүйсембек Инабат Думанқызы дублёр болды. • Мектеп психологы Бутабаева Айгул Рахимжанқызының • орнына 10 «А» сынып оқушысы Еримбетов Ерсин дублёр болды. • Әлеуметтік педагог Даулетбаева Сулушаш Габитқызының орнына • 9 «Ә» сынып оқушысы Алтынбек Насихат Русланқызы дублёр болды.
https://youtube.com/shorts/uS7YmRsDJ2g?feature=share