Меню KDT

logo.png?_=1731695312
 "Алматы облысы білім басқармасының Қарасай ауданы бойынша білім бөлімі"мелекетік мекемесінің "Қ.Қошмамбетов атындағы орта мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесі


8 (72771) 59-5-31

Мектеп президентін сайлауы өтті

Бүгін 19.10.2024ж мектебімізде Мектеп президентін сайлауы өтті. Сайлауға мектеп ұстаздары, білім алушылары белсене қатысты. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына сәйкес мектеп президенті сайланып, білім алушылардың өзін-өзі басқару органдарын дамыту бойынша «Мектеп парламенті» құрылды. Мектеп президентіне үміткер 9 «Ә» сынып оқушысы Қайрат Жанболат 9 «Ә» сынып оқушысы Алтынбек Насихат 9 «Г» сынып оқуушысы Сәрсенгалиева Жансая сайлауға түсті. 9 «Ә» сынып оқушысы Қайрат Жанболат 596 дауыс жинап жеңіске жетсе 9 «Ә» сынып оқушысы Алтынбек Насихат 108 дауыс, 9 «Г» сынып оқуушысы Сәрсенгалиева Жансая 102 дауыс жинады. 9 «Ә» сынып оқушысы Қайрат Жанболат 596 дауыспен Мектеп президенті болып тағайындалды. 7 нед. Фото профиля koshmambetov_om_news 🔵 Мектеп парламентінің жетекшісі педагог ұйымдастырушы Джумаханова Айгерім Азимханқызы тағайындалды. 🔵 Мақсаты: Білім алушылардың бойында азаматтық белсенділік, әлеуметтік құзыреттілік, азаматтық жауапкершілік дағдыларын дамыту, әлеуметтік шығармашылыққа қабілетті, өзінің жеке басын, қоғам мен мемлекетті жетілдіру мүддесінде әрекет ете алатын жоғары мәдениетті, гуманистік бағыттағы азаматты тәрбиелеу. 🔵 Міндеттері: - білім алушылардың қабілеттері мен мүдделерін, мектепте бірыңғай құқықтық кеңістікті дамыту үшін жағдай жасау, білім беру ұйымын басқаруға қатысуға нақты мүмкіндік беру; - ұжымдық өмір нормаларына, мемлекет заңдарына, адамдарға пайда әкелгісі келетіндігіне, достары мен құрдастарына қиындықтарды жеңуге көмектесуге оң көзқарас қалыптастыру; - әрбір білім алушыны білім беру ұйымының қоғамдық өміріне тарту; - өзіндік ойлау мен өзіндік сана-сезімді, көшбасшылық мінез-құлық дағдыларын, ұйымдастырушылық білімді, іскерлікті, ұжымдық және басшылық қызмет дағдыларын дамыту. 🔵 "Мектеп парламенті" жобасында 8 фракция құырылып, жоспар құрып, жұмыс жасайды. Олар: ▪️Өзін-өзі тану және бақыт фракциясы (психология); ▪️Қамқорлық фракциясы (еріктілік); ▪️Дебат қозғалысының фракциясы; ▪️Құқық және тәртіп фракциясы; ▪️Ақпарат фракциясы; ▪️Спорт және салауатты өмір салты фракциясы; ▪️Мәдениет және өнер фракциясы (музыкалық, көркемшығармашылық); ▪️Экология және еңбек фракциялары.


https://youtube.com/shorts/50hUzDasG1E?feature=share


Пікір жоқ
38 қаралды
Авторы: shkoshmambetova
Қосылды: 21.10.2024 в 11:00

Choose Color