Бүгін 2024 жылдың 21 қазанында «Қ.Қошмамбетов атындағы орта мектебі» КММ да Республика күніне орай «Біртұтас тәрбие» бағдарламасының жоспарына сәйкес бастауыш сынып оқушыларымен «25 қазан Республика күні» тақырыбында сынып сағаттары өтті. Сынып сағатының мақсаты – оқушылардың бойында патриоттық сезімді қалыптастыру, Қазақстанның тәуелсіздік тарихын насихаттау және еліміздің ұлттық құндылықтарына құрметпен қарауды үйрету болды.
Сынып сағаты барысында оқушылар еліміздің Тәуелсіздігіне байланысты әндер шырқап, өлеңдер оқыды. Сонымен қатар, Тәуелсіз Қазақстанның жетістіктері туралы ақпараттар берілді. Қазақстан тарихына деген құрметті нығайтып, ұрпақтың отаншылдық сезімін оятуға үлкен үлес қосты.
https://youtube.com/shorts/gQXfGWAKUvg?feature=share
