«Қ.Қошмамбетов атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023ж 31 тамыздағы 748 қаулысы негізінде мектепішілік № 231 бұйрық шығарылып, жоспар құрылып, құрылған жоспар негізінде рейдтер ұйымдастырылуда. Балаларды зорлық - зомбылықтан қорғау, суицидтің алдын алу және олардың құқықтары мен саламаттығын қамтамасыз ету мақсатында 07.10-31.10.2024ж аралығында рейд кестесі құрылып, мектеп басшысымен бекітіліп, күнделікті рейд жүргізілуде. Рейд уақыты кешкі 20.00 мен 23.00 аралығында жүргізілуде. Сынып жетекшілер күнделікті ата - аналарға білім алушылардың кешкі 20.00 ден кейін көшеге шықпаулары туралы ескертіп отырады. Күнделікті рейд жұмысының анықтамалары толтырылып, рейд атқарған ұстаздар оқушыларды анықтап, дүкенге барған, қосымша кешкі жаттығулардан қайтқан оқушылармен түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.
https://youtube.com/shorts/TOml6uARzTQ?feature=share