Меню KDT

logo.png?_=1731695312
 "Алматы облысы білім басқармасының Қарасай ауданы бойынша білім бөлімі"мелекетік мекемесінің "Қ.Қошмамбетов атындағы орта мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесі


8 (72771) 59-5-31

6 «Е» сынып оқушыларымен танымдық тәрбие сағаты өтті

«Біртұтас тәрбие бағдарламасы» жоспарына сәйкес Ақын, қолбасшы Махамбет Өтемісұлының туғанына 220 жыл (1804-1846) толуына байланысты 6 «Е» сынып оқушыларымен танымдық тәрбие сағаты өтті.
Тәрбие сағатының мақсаты елім деп еңіреген қазақтың қайсар ақыны, тәуелсіздік жолындағы батыл күрескері Махамбет Өтемісұлының өмірі мен шығармашылығынан тереңірек мәлімет бере отырып, өлеңдерінің тақырыбы мен идеясын ашу, шығармаларын тарихи құндылық ретінде қабылдауға жетелей отырып, оқушылардың бойында ақын, қолбасшының шығармалары «Мен мен едім, мен едім», «Ереуіл атқа ер салмай», «Қызғұш құс», «Жалғыздық» өлеңдері мен танысып және елінің тәуелсіздігі жолында өз өмірін арнаған тұлға екендігінің түсінуге жағдай жасау және өскелең ұрпаққа өзгеріссіз жеткізу еді. Тәрбие сағаты барысында білім алушылар 1836-1838 жылдар аралығында Бөкей ордасындағы шаруалар бастаған Ұлт азаттық көтерілістің жетекшісі Махамбет Өтемісұлының және Исатай Тайманұлының ерліктері туралы мәлімет алды.
6 сынып жетекшісі: тарих пәні мұғалімі Игілік. Асем


https://youtube.com/shorts/EI_yK50kAjU?feature=share


Пікір жоқ
36 қаралды
Авторы: shkoshmambetova
Қосылды: 08.11.2024 в 11:36

Choose Color