Меню KDT

logo.png?_=1731695312
 "Алматы облысы білім басқармасының Қарасай ауданы бойынша білім бөлімі"мелекетік мекемесінің "Қ.Қошмамбетов атындағы орта мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесі


8 (72771) 59-5-31

Жаратылыстану ғылымдары-әлем айнасы

29.11.2024ж «Қ. Қошмамбетов атындағы орта мектебі» КММ-де Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің Жаратылыстану институты мен Қ.Қошмамбетов атындағы орта мектебінің меморандум негізінде Жаратылыстану бағыты бойынша Қарасай ауданы мектептерінің 8-сынып оқушылары арасында интеллектуалды сайыс болып өтті. Сайыс тақырыбы:
«Жаратылыстану ғылымдары-әлем айнасы»
Мақсаты: Оқушылардың жаратылыстану пәндеріне қызығушылықтарын арттыру,теориялық білімдерін практикада қолдануға дағды қалыптастыру.Оқушының жеке интелектуалдық қасиеттерін жетілдіру,өз бетінше шешім қабылдауға,зерттей білуге үйрету. Сайысты Қарасай ауданы білім бөлімі ММ әдіскері Ж.Жолдыбай ашып берді. Сайыстың әділ қазы мүшелері Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінен келген Г. Азимбаева химия ғылымдарының кандидаты, химия кафедрасының профессоры
Г.Медеуова ауыл шаруашылық ғылымдарының кандидаты,биология кафедрасының қауымдастырылған профессоры Б.Калиев ғылым магистрі, география кафедрасының аға оқытушысы
З.Сарсенбаева Жаратылыстану ғылымдары магистрі, PhD докторант, оқытушы. Сайыс нәтижесінде Жаратылыстану институтының директорының Г.У.Байташева және Қарасай ауданы білім бөлімінің басшысы А.А.Еркінбаеваның I,II,III-дәрежелі дипломдарымен
🥇 Шығыс Қазақстан тобы
🥈 Орталық Қазақстан тобы
🥉 Батыс Қазақстан тобы және
Оңтүстік, Солтүстік Қазақстан топтары арнайы номинациялармен марапатталды. Жеңістеріңіз құтты болсын.


https://youtu.be/TdSoqNST4cg


Пікір жоқ
25 қаралды
Авторы: shkoshmambetova
Қосылды: 30.11.2024 в 20:38

Choose Color