Меню KDT

logo.png?_=1731695312
 "Алматы облысы білім басқармасының Қарасай ауданы бойынша білім бөлімі"мелекетік мекемесінің "Қ.Қошмамбетов атындағы орта мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесі


8 (72771) 59-5-31

Өткендерін ескерген - өскендіктің белгісі ....

18.12.2024 7 «В» сынып оқушыларымен ғылым мен тіл білімі саласы үшін ерекше еңбегі сіңген көрнекті ғалым, белгілі қоғам қайраткері, Ұлттық ғылым академиясының академигі Әбдуәли Қайдардың 100 жылдық мерейтойына арналған «Өткендерін ескерген - өскендіктің белгісі ....» тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді.

Тәрбие сағатының мақсаты: Түркітану ғылымының, қазақ және ұйғыр тіл білімдерінің көрнекті маманы, Ұлттық ғылым академиясының академигі, Қазақ КСР-іне еңбек сіңірген ғылым қайраткері, Шоқан Уәлиханов атындағы бірінші дәрежелі сыйлықтың иегері, Түркияның «Dil Kurumu» лингвистикалық қоғамының құрметті мүшесі, Башқұрт¬стан Ұлттық ғылым академиясының құрметті академигі, Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының құрметті президенті, ҚР БҒМ А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының директоры (1978–1994), құрметті директоры, Ұлы Отан соғысының ардагері, филология ғылымының докторы, профессор Қайдар Әбдуәли Туғанбайұлының ғылыми мұраларын оқушыларға таныстыру, өнегелі өмірін насихаттау, ғылымға деген қызығушылықтарын арттыру, патриоттыққа тәрбиелеу.
Іс-шарада ғалымның көзін көрген ізбасарлары мен шәкірттерінің естеліктерінен алынған мәліметтерді пайдалана отырып, ғалым туралы, ғалымның майдандағы ерлігі, ғылымдағы ерлігі, саясаттағы ерлігі туралы оқушылар жан-жақты талдап, ғалым туралы викториналық сұрақтарға белсене жауап берді. Әбдуәли Қайдар туралы білімдерін кеңейтті. Болашақта ізін басар, алғыр, білімді, байқампаз оқушылар МәшҺүр Жүсіптің «Аңыз әңгімелер» атты кітабымен марапатталды.
Жетекшісі: қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі З.С.Исагулова


https://youtu.be/60GwORoTHPk


Пікір жоқ
35 қаралды
Авторы: shkoshmambetova
Қосылды: 19.12.2024 в 22:02

Choose Color