Меню KDT

logo.png?_=1731695312
 "Алматы облысы білім басқармасының Қарасай ауданы бойынша білім бөлімі"мелекетік мекемесінің "Қ.Қошмамбетов атындағы орта мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесі


8 (72771) 59-5-31

Құрметті ата-аналар мен оқушылар!

Құрметті ата-аналар мен оқушылар!

Оқушылардың қысқы каникул кезеңі-балалардың отбасымен жақсы демалып,жаңа күш-жігер жинайтын,отбасымен бірге қызықты уақыт өткізетін кезең.Осы уақытта балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету-бәріміз үшін ең маңызды міндеттердің бірі.

Балалардың қысқы демалысын қауіпсіз әрі тиімді өткізуі үшін төмендегі ережелерді сақтауды ұсынамыз:
1.Мұз айдындары мен су қоймалары:
Мұздың қалыңдығы жеткіліксіз болуы мүмкін.
Балалардың мұз үстінде ойнауына немесе сырғанауына рұқсат етпеңіздер!
2.Жол қауіпсіздігі:
Қыс мезгілінде жолдар тайғақ болады.Балаларды жолда мұқият болуға үйретіп,көше ережелерін еске салу маңызды.
3.Отпен абай болу:
Пеш немесе электр құралдарын қолдану кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз.Балалардың үйде жалғыз қалмауын қадағалаңыз.
4.Шаңғы және шана тебу:
Балалар сырғанау кезінде арнайы қауіпсіз орындарды таңдағаны жөн.Жол бойында немесе қауіпті жеплерде шана тебуге жол бермеңіздер.
5.Интернет қауіпсіздігі:
Балалардың интернетте өткізетін уақытын бақылап,олардың зиянды контентке ұшырамауын қадағалаңыз.

Құрметті ата-аналар!
Балалардың денсаулығы мен өмірі-біздің ортақ жауапкершілігіміз.Қысқы демалыс кезінде балалардың қауіпсіздігіне ерекше көңіл бөліп,олармен қауіпсіздік ережелерін талқылауға уақыт табуларыңызды өтінеміз.

Баршаңызға бақытты,қауіпсіз және есте қаларлық қысқы демалыс тілеймін!
Ізгі ниетпен,
Мектеп директоры:
Куанышева Бакыт Кадыржановна



Пікір жоқ
36 қаралды
Авторы: shkoshmambetova
Қосылды: 29.12.2024 в 15:41

Choose Color