

Ақылды болса қауымы,таза болар ауылы
Қ.Қошмамбетов атындағы орта мектебі”КММ-де табиғатты аялай отырып,балалардың шығармашылығын шыңдау мақсатында “Ақылды болса қауымы,таза болар ауылы”атты жоба қолға алынды.Жоба барысында 1 “Г”сынып оқушылары зерттеу жұмыстарын бастап кетті.Жобаның басқа да қырларын ашуға, бүкіл мектеп оқушыларын жұмылдыратын болады.Жоба жетекшісі:И.И.Кожахметова
Толығырақ27.01.2025 в 23:10 Пікір жоқ 59 қаралды

Рақмет саған әліппе
Қ.Қошмамбетов атындағы орта мектебі 1 “В” сыныбында "Рақмет саған әліппе" атты әліппемен қоштасу тәрбие сағаты өтті. Мақсаты: Білімнің бастауы болған, Әліппеден үйренгендерін тиянақтау, өнерлерін тамашалау, білімдерін арттырып, сөз байлығының молайғанын, саналарының өскенін көрсету. Ана тілі пәніне қызығушылықтарын арттыру, ұйымшылдыққа, достыққа тәрбиелеу. Ұйымдастырушы 1"В” сынып жетекшісі Сарыкулова Жазира Женисқызы
Толығырақ25.01.2025 в 23:04 Пікір жоқ 51 қаралды

Заң және тәртіп
Қ.Қошмамбетов атындағы орта мектебінде “Заң және тәртіп” құндылығын жүзеге асыру мақсатында 5-11 сынып оқушыларына “Детство за стеной” атты деректі фильмі көрсетілді. Бұл фильмнің мақсаты оқушылар арасындағы құқық бұзушылықтың, нашақорлықтың алдын алу.
Толығырақ25.01.2025 в 22:58 Пікір жоқ 49 қаралды

Рақмет саған әліппе
Қ.Қошмамбетов атындағы орта мектебінде “Рақмет саған әліппе” тақырыбында әліппемен қоштасу тәрбие сағаты өтті. Мақсаты: Оқушылардың білімдерін бекіту, олардың алған білім - білік дағдыларын көрсету. Тілін дамыту, сөздік қорын молайту. Ұқыптылыққа, шапшаңдыққа тәрбиелеу. Ұйымдастырушы 1”Г”сынып жетекшісі Кожахметова Индира Имангалиевна
Толығырақ25.01.2025 в 22:51 Пікір жоқ 48 қаралды

Ақылыңды мейірімге орап бер
21.01.2025жылы мектебімізде аймақтағы мектеп басшыларымен мен тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары арасында тәжірибе алмасу мақсатында «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында «Ақылыңды мейірімге орап бер» тақырыбында іс- шара өтті. Іс -шараның мақсаты ұлттық құндылықтарды, бойына сіңірген, әлемдік озық білімді игерген саналы азаматты тәрбиелеу еді. Іс- шараға аймақ мектептерінің басшылары және тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, метебіміздің білім алушылары мен даналық мектебінің ата - әжелері және әкелер, аналар мектебінің мүшелерімен қоса ата- аналар мен оқушылары қатысты. Іс- шара барысында келген қонақтарымызға ата - анамен бала арасындағы қарым қатынас, құқықбұзушылықтың алдын алу, жасөспірімдердің ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету жолдары, ұялы телефонның пайдасы мен зияны туралы ситуациялық сұрақтар беріліп, ата –әжелеріміз ата -аналарымыз және оқушыларымызбен мектеп басшылары тәрбие орынбасарлары біріге отырып жұмыс жасап, шешу жолдарын бірге тауып өз ойларын ортаға салды. Одан бөлек халқымыздың ұлттық салт- дәстүрлеріне де шолу жасап, ұмытылып бара жатқан дәстүрлерімізді өскелең ұрпаққа дәріптеп түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Мектеп оқушылары өткізілген іс -шарадан алған білімдерін, үлкендердің ақылдарын тыңдап, түйген ойларымен бөлісті. Осы шараға атсалысып қатысқан мектеп басшыларына, тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларға, ата – әжелерімізге, ата аналарымызға және оқушыларға алғыс білдіреміз.
Толығырақ24.01.2025 в 22:46 Пікір жоқ 49 қаралды


Ауылға кітап!
📚 *Ауылға кітап!* Қошмамбет ауылына *50 кітап* апарылып, ауыл кітапханасы жаңа қазынамен толықты! 📖 Бұл бастама ауыл тұрғындарының білім алуы мен мәдениетіне қосылған үлкен үлес. Жастарымызға, балаларымызға кітап арқылы жаңа әлемді танып, білімдерін шыңдайтын тамаша мүмкіндік туып отыр. Кітап — тек білімнің ғана емес, рухани байлықтың да кілті. Мұндай игі шаралар ауылдың дамуына, жас ұрпақтың тәрбиесіне зор ықпал ететіні сөзсіз! 🌟 Қошмамбет ауылына келген бұл кітаптар әрбір оқырманға жаңа білім мен шығармашылық әлеміне жол ашсын!
Толығырақ24.01.2025 в 22:28 Пікір жоқ 48 қаралды


Көңілді үзіліс
Сабақ арасында үзілісті тиімді пайдалану,оқушылардың көңіл-күйлерін көтеру және оқушыларды шапшаңдыққа тәрбиелеу мақсатында "Көңілді үзіліс" айдары ұйымдастырылды.
Толығырақ13.01.2025 в 02:03 Пікір жоқ 91 қаралды