Меню KDT

logo.png?_=1731695312
 "Алматы облысы білім басқармасының Қарасай ауданы бойынша білім бөлімі"мелекетік мекемесінің "Қ.Қошмамбетов атындағы орта мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесі


8 (72771) 59-5-31

2024-2025 оқу жылында Директордың әдістеме ісі жөніндегі орынбасарларының ұйымдастырылуымен әдістеме отырысы болып өтті. Жиында “Әдістемелік нұсқаулық хат” таныстырылып,нұсқаулық хатта көрсетілген биылғы оқу жылындағы ерекшеліктер мен жаңашылдықтар таныстырылды. ӘБ жетекшілеріне өз бірлестіктерімен отырып талдап, талқылау тапсырылды.

Салауатты өмір

Бүгін 08.01.2025жылы мектебімізде Салауатты өмір салтын ұстану мақсатында мектеп спорт залында ұстаздар арасында эстафеталық жарыс ұйымдастырылды. Жарыс қорытындысы бойынша Бас жүлде Жаратылыстану бірлестігі I орын Бастауыш сынып бірлестігі II орын мектеп әкімшілігі III орын Өнер бірлестіктері жеңіске жетті. Басқа бірлестіктер түрлі номинациялармен марапатталды.

Толығырақ

08.01.2025 в 01:15 Пікір жоқ 92 қаралды

Қош келдің, Жаңа жыл!

23-26.12.2024 ж аралғында мектеп спорт залында білім алушыларға арналған «Қош келдің, Жаңа жыл!» атты мерекелік кеш ұйымдастырылып өтті. Мерекелік кештің мақсаты: Балаларды мерекелік көңіл-күй тудыру. Шырша әсемдігін, қыс келбетін сезіну, әсер алу қабілеттерін жетілдіру. Аяз атаның, Ақшақардың, карнавалдық киімдеріне назар аударту,көңілді ойындар ойнату, бірлескен ойындар арқылы достық қарым-қатынастарын ояту болатын. 23.12.2024 ж мектептің кішкентай бүлдіршіндері МАД тобының балаларына арналған мерекелік кеш өтсе, 24-26.12.2024 ж аралғында 1-11 сынып аралығында өтті. Барлық білім алушылар түрлі киімдер киіп, мерекелік кешті керемет көңіл күймен өткізді. Меркеге түрлі персонажадар қатысып, білім алушылардың көңіл күйлерін көтерді. Үйден оқитын балаларда келіп қатысты. Үйден оқитын оқушыларды да мрекемен құттықтап, тәттілер үлестірілді.

Толығырақ

30.12.2024 в 15:47 Пікір жоқ 84 қаралды

Құрметті ата-аналар мен оқушылар!

Құрметті ата-аналар мен оқушылар! Оқушылардың қысқы каникул кезеңі-балалардың отбасымен жақсы демалып,жаңа күш-жігер жинайтын,отбасымен бірге қызықты уақыт өткізетін кезең.Осы уақытта балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету-бәріміз үшін ең маңызды міндеттердің бірі. Балалардың қысқы демалысын қауіпсіз әрі тиімді өткізуі үшін төмендегі ережелерді сақтауды ұсынамыз: 1.Мұз айдындары мен су қоймалары: Мұздың қалыңдығы жеткіліксіз болуы мүмкін. Балалардың мұз үстінде ойнауына немесе сырғанауына рұқсат етпеңіздер! 2.Жол қауіпсіздігі: Қыс мезгілінде жолдар тайғақ болады.Балаларды жолда мұқият болуға үйретіп,көше ережелерін еске салу маңызды. 3.Отпен абай болу: Пеш немесе электр құралдарын қолдану кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз.Балалардың үйде жалғыз қалмауын қадағалаңыз. 4.Шаңғы және шана тебу: Балалар сырғанау кезінде арнайы қауіпсіз орындарды таңдағаны жөн.Жол бойында немесе қауіпті жеплерде шана тебуге жол бермеңіздер. 5.Интернет қауіпсіздігі: Балалардың интернетте өткізетін уақытын бақылап,олардың зиянды контентке ұшырамауын қадағалаңыз. Құрметті ата-аналар! Балалардың денсаулығы мен өмірі-біздің ортақ жауапкершілігіміз.Қысқы демалыс кезінде балалардың қауіпсіздігіне ерекше көңіл бөліп,олармен қауіпсіздік ережелерін талқылауға уақыт табуларыңызды өтінеміз. Баршаңызға бақытты,қауіпсіз және есте қаларлық қысқы демалыс тілеймін! Ізгі ниетпен, Мектеп директоры: Куанышева Бакыт Кадыржановна

Толығырақ

29.12.2024 в 15:41 Пікір жоқ 90 қаралды

Әлемді зорлық-зомбылықсыз қалай жасауға болады?

9 сыныптар арасында зорлық- зомбылықтың алдын алу, құқықбұзушылықтың, оқушылар арасында қатыгездіктің алдын алу мақсатында “Әлемді зорлық-зомбылықсыз қалай жасауға болады?” тақырыбында эссе байқауы ұйымдастырылды. Эссе байқауының қорытындысы бойынша 1орын 9” Г” сынып оқушысы Сәрсенгалиева Жансая 1орын 9”Ә” Амраева Саида 2орын 9”Г” сынып оқушысы Турсынбаева Нурсулу 2орын 9” Г” сынып оқушысы Пернебай Аяулым 3орын 9 “В” сынып оқушысы Мәлік Тамирис 3орын 9”В” сынып оқушысы Шаймерден Арайлым грамоталарымен марапатталды.

Толығырақ

24.12.2024 в 23:26 Пікір жоқ 110 қаралды

Оқуға құштар оқушы

“Қарасай ауданы білім бөлімі” ММ жылдық жоспарына сәйкес,Қарымбай Қошмамбетов атындағы орта мектебінде “Оқуға құштар оқушы” жобасы аясында 3-4 сынып білім алушылары Б.Соқпақбаевтың 100 ж мерейтойына орай “Балалық шаққа саяхат” повесін оқу сайысынан көрініс.  

Толығырақ

24.12.2024 в 23:18 Пікір жоқ 102 қаралды

Хабарландыру!

ҚҰРМЕТТІ АТА-АНАЛАР! Алматы облысының білім басқармасы “Жаңа жыл” мерекесіне қатысты төмендегі ережелерді назарларларыңызға ұсынады: ❌АТА-АНАЛАРДАН АҚША ЖИНАУҒА ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ. Мектепте немесе сыныптарда мерекелік іс-шаралар ұйымдастыру үшін түрлі мақсатта ақша жинау заңға қайшы және қатаң бақылауда. ❌АҚЫЛЫ ҚЫЗМЕТТЕРГЕ ШАҚЫРУҒА ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ. Аниматорлар мен мерекелік агенттіктерді ақылы түрде шақыруға рұқсат берілмейді. ❌ПИРОТЕХНИКА ПАЙДАЛАНУҒА ҚАТАҢ ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ. Протехникалық құралдар балалардың денсаулығы мен өмір қауіпсіздігіне үлкен қауіп төндіреді. ❌ҚАУІПСІЗДІК ЕРЕЖЕЛЕРІН БҰЗУҒА БОЛМАЙДЫ. Өрт қауіпсіздігі талатарын сақтамау үлкен қауіпті жағдайларға алып келуі мүмкін. ❌МЕКТЕПТЕН ТЫС ЖЕРЛЕРДЕ МЕРЕКЕ ҰЙЫМДАСТЫРУҒА ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ. Кафе,мейраманалар немесе ойын-сауық орталықтарында жаңа жылдық іс-шараларды өткізуге рұқсат берілмейді. 🌟Білім мекемелерінің басты мақсаты- Сіздің балаңызға сапалы білім мен саналы тәрбие беру. Аталған талаптардың барлығы Сіздің балаңыздың өмір қауіпсіздігі мен құқықтарын сақтау үшін қабылданғанын еске саламыз. 📌Сұрақтарыңыз бойынша Алматы облысының білім басқармасының Call центріне хабарласыңыз.

Толығырақ

23.12.2024 в 23:04 Пікір жоқ 91 қаралды

ҚР бастауыш және негізгі орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарының негізгі ережелері

«Қ.Қошмамбетов атындағы орта мектебі»КММ-де Алматы облысының Білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясымен бірлесіп Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің «ҚР бастауыш және негізгі орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарының негізгі ережелері» туралы ақпараттық түсіндірме жұмысын жүргізді. Онда МЖМБС-ға өзгерістер мен толықтырулар енгізудің негізгі алғышарттары, жалпы ережелер, білім мазмұнына қойылатын талаптар, білім алушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар түсіндірілді. 56 мин.

Толығырақ

20.12.2024 в 22:50 Пікір жоқ 100 қаралды

Ерте жүктіліктің алдын алу

Біртұтас тәрбие бағдарламасының және қыздар клубының жоспары, мектеп медбикесімен бірлескен жоспар негізінде мектебіміздің 9,10,11 сыныптарының қыздарына Дүниежүзілік ЖИТС - пен күрес күніне орай «Жыныстық тиіспеушіліктің алдын алу», «Ерте жүктіліктің алдын алу» жиналыс өтті. Жиналыстың мақсаты: Жас жеткіншектер арасындағы ерте жүктіліктің алдын алу. Адам тәрбиесі мен қоғам тәрбиесіне байланысты көзқарастарын дұрыс қалыптастыра отырып, болашақта ұрпақ қамын, ұлт тағдырын ойлайтын қоғамның мүшесі болуларына жағдай жасау, ерте жүктіліктің алдын алу мақсатында түсініктеме беру. Жиналысты ВА Кошмамбет ауылының бас дәрігері Таңатарова Акниет Куандиковна мен мектеп медбикесі Муханбаева Жибек Нурлановна және қыздар клубының жетекшісі 5 А сынып жетекшісі Д.Айкоева

Толығырақ

19.12.2024 в 22:30 Пікір жоқ 176 қаралды

Жемқорлыққа әсер ететін факторлар мен әдеттер

“Қ.Қошмамбетов атындағы орта мектебі” КММ нің 10 сынып оқушыларымен Біртұтас тәрбие аясында “Жемқорлыққа әсер ететін факторлар мен әдеттер” тақырыбында пікір алмасу өтті. Мақсаты: 1. Оқушыларға адам құқықтары жайлы түсініктерін қалыптастыру; «жемқорлық» деген не екенін түсіндіру; 2. Өз ойларын еркін жеткізе білу қабілеттерін дамыту; дүниетанымдарын кеңейту; 3. Патриоттыққа тәрбиелеу; Жауапты: тарих пәнінің мұғалімі А.Нышанов

Толығырақ

19.12.2024 в 22:25 Пікір жоқ 111 қаралды

Choose Color