Меню KDT

logo.png?_=1731695312
 "Алматы облысы білім басқармасының Қарасай ауданы бойынша білім бөлімі"мелекетік мекемесінің "Қ.Қошмамбетов атындағы орта мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесі


8 (72771) 59-5-31

2024-2025 оқу жылында Директордың әдістеме ісі жөніндегі орынбасарларының ұйымдастырылуымен әдістеме отырысы болып өтті. Жиында “Әдістемелік нұсқаулық хат” таныстырылып,нұсқаулық хатта көрсетілген биылғы оқу жылындағы ерекшеліктер мен жаңашылдықтар таныстырылды. ӘБ жетекшілеріне өз бірлестіктерімен отырып талдап, талқылау тапсырылды.

«Ата – аналарды педагогикалық қолдау»

Бүгін 18.10.2024 ж мектебімізде «Ата – аналарды педагогикалық қолдау» орталығының жоспарына сәйкес 5- ші сынып ата –аналары арасында «Ақыл айтпа, жол көрсет», «Жасөспірімнің бейімделуі» тақырыбында мектеп мәжіліс залында жиналыс өтті. Жиналыстың мақсаты: Жасөспірімнің физиологиялық тұрғыда бейімделуі, оның іс- әрекетін жақсарту жағдайлары. Жасөспірімнің табысты әлеуметтенуіндегі отбасы мен мектептің өзара әрекеттесуі және жасөспірімнің отбасындағы қарым қатынас дағдыларын дамыту. Ата- аналар жиналысқа белсенді қатысып, өз ойларын еркін жеткізіп, көтеріңкі көңіл күймен қайтты.

Толығырақ

18.10.2024 в 21:38 Пікір жоқ 28 қаралды

«Мамандық таңдауда қателесуге бола ма?»

Тренинг тақырыбы: «Мамандық таңдауда қателесуге бола ма?» Мамандық таңдау жасөспірім шақтағы ең маңызды шешімдердің бірі. Үлкен өмірге енді ғана аяқ басқан жас ұланның алдында мыңдаған мамандықтан өзіне лайықты біреуін таңдау міндеті тұрады. Мамандықтың жаманы жоқ, бірақ мұның кез- келгеніне икемділік қажет, бұл жай күнелту, тамақ асыраудың жолы ғана емес, үлкен өнерді, зор шеберлікті қажет ететін нәрсе. Кейбір жастар мамандық таңдау ережесін білмегендіктен өзі қызықпайтын мамандықты таңдайды. Осыдан өз мамандығына қанағаттанбаушылық, реніш сезімдері болып, тіпті алдарына жоспар да құрғысы келмейді. Әрбір адам өзін- өзі дамыта алу үшін білім алып, сол біліміне сай мамандыққа машықтану керек. Біздің мақсатымыз - оқушылардың кәсіптік қалыптасуымен байланысты өмір туралы, әлеуметтік құндықлықтар туралы танымдылығына психологиялық- педагогикалық көмек көрсету. Мақсаты: Мамандық таңдауда жауапкершілікті қалыптастыру. Оқушының кәсіби бағдарының табандылығн анықтау, психологиялық дайындығы мен қиындықтан. Ұйымдастырушысы: Нығматулла Гүлзада Сматқызы.

Толығырақ

18.10.2024 в 21:32 Пікір жоқ 28 қаралды

Алматы обылысының чемпионатында мектебіміздің білім алушысы ІІ - орынды иеленді

Волейболдан 2009-2010 ж жасөспірім қыздар арасында Балқаш ауданында өткен Алматы обылысының чемпионатында мектебіміздің білім алушысы Базарбаева Жансая Қарасай ауданың атынан ІІ - орынды иеленді. Жаттықтырушысы — А.Тұрсынғазиев Құттықтаймыз!👏🏻

Толығырақ

17.10.2024 в 20:40 Пікір жоқ 30 қаралды

“Дұрыс тамақтану,салауатты өмір салты “ тақырыбында 3” В” сынып оқушыларымен ашық тәрбие сағаты

“Біртұтас тәрбие бағдарламасы” аясында “Дұрыс тамақтану,салауатты өмір салты “ тақырыбында 3” В” сынып оқушыларымен ашық тәрбие сағаты өткізілді. Мақсаты: Оқушылардың өз пікірлерін тыңдай отырып,қосымша мәліметтер бере отырып,денсаулық құндылығы, дұрыс тамақтану туралы түсініктерін кеңейту.Денсаулықтың адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру. Денсаулықты күтуге, дұрыс тамақтана білуге үйрету.

Толығырақ

17.10.2024 в 20:24 Пікір жоқ 41 қаралды

Абай Құнанбаев “Ескендір” поэмасы тақырыбында 10 “Ә” сыныбымен қазақ әдебиетінен сабақ өткізілді

Абай Құнанбаев “Ескендір” поэмасы тақырыбында 10 “Ә” сыныбымен қазақ әдебиетінен сабақ өткізілді. Сабақтың мақсаты шығарманы композициялық құрғыдан талдап, кейіпкер бейнесін ашу болатын. Осы тұрғыдан тың әдістерімен пән мұғалімі сабақты жүйелі жүргізді! Жасанды интеллекттен бастау алған сабақ өз мақсатына жетті. Пән мұғалімі: Омарова Назира Сынып: 10”Ә”

Толығырақ

16.10.2024 в 20:12 Пікір жоқ 30 қаралды

Халқы сүйген қаламгер

15 қазан көрнекті жазушы, балалар әдебиетінің классигі Бердібек Ыдырысұлы Соқпақбаевтың туғанына - 100 жыл. Осыған орай мектеп кітапханасында “Халқы сүйген қаламгер” атты тақырыпта көрме ұйымдастырылып мектеп оқушыларына таныстырылды. Бердібек Соқпақбаевтың өмір жолы мен балалық шағы туралы кітапхана меңгерушісі С.Уаличаева баяндама жасады. Мақсаты: Қаламгердің шығармаларын насихаттап, артында қалған әдеби мұраларын оқушыларға насихаттау.

Толығырақ

15.10.2024 в 19:51 Пікір жоқ 38 қаралды

Choose Color