Меню KDT

logo.png?_=1731695312
 "Алматы облысы білім басқармасының Қарасай ауданы бойынша білім бөлімі"мелекетік мекемесінің "Қ.Қошмамбетов атындағы орта мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесі


8 (72771) 59-5-31

2024-2025 оқу жылында Директордың әдістеме ісі жөніндегі орынбасарларының ұйымдастырылуымен әдістеме отырысы болып өтті. Жиында “Әдістемелік нұсқаулық хат” таныстырылып,нұсқаулық хатта көрсетілген биылғы оқу жылындағы ерекшеліктер мен жаңашылдықтар таныстырылды. ӘБ жетекшілеріне өз бірлестіктерімен отырып талдап, талқылау тапсырылды.

Ұстаздар мерекесі

Барша ұстаздар қауымын келе жатқан Ұстаздар мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз! Сіздерге зор денаулық, қажымас қайрат тілейміз.

Толығырақ

02.10.2024 в 12:58 Пікір жоқ 32 қаралды

ДУБЛЕР КҮНІ

“Ұстаздар күні” мерекесіне орай 3 қазан күні мектебімізде оқушыларды жалпы адамзаттық құндылыққа бағыттайтын өзін-өзі басқару жұмысын жандандыру, тұлғаның көшбасшылық қасиеттерін ашу және білім алушылардың ұйымдастырушылық қабілеттерін іске асыру мақсатында “ДУБЛЕР КҮНІ” өткізілді. Аталған мақсатты жүзеге асыруда мектеп оқушылары ерекше қызығушылық танытып,белсенді ат салысты. Сонымен қатар, жүргізілген шарада мектеп әкімшілігі мен пән мұғалімдерінің рөлін 9-10-11 сынып оқушылары атқарып, оқушылар өздері бір күн мұғалімдерге дублер болды. Оқушылар жауапкершілікті сезініп, өздеріне жүктелген міндеттерді толығымен орындады. Шара соңын қорытындылай келе, оқушылар “Дублер күні” алған әсерлері мен ұстаздық қызметтің қызығы мен қиындығы туралы өзара пікір алмасты. Мектеп әкімшілігі мүшелері,пән мұғалімдері де оқушылардың міндеттерін қалай атқарғаны жөнінде пікірлерін білдірді. Бір күн дублер бола отырып, мектеп өмірінің бір күндік тыныс тіршілігіне араласып оқушыларымыз оң әсер алды. • Мектеп директоры Куанышева Бакыт Кадыржанқының • орнына 9 «Ә» сынып оқушысы Қайрат Жанболат Азаматұлы дублёр болды. • Оқу ісі жөніндегі орынбасары Тойшыбаева Лаура Ақылбаевнаның • орнына: 9 «Г» сынып оқушысы Баймуратова Жазира Нурланқызы дублёр болды. • Оқу ісі жөніндегі орынбасары Амандық Айдана Көбейқызының • орнына 9 «В» сынып оқушысы Елюхан Дана Серикқызы дублёр болды. • Тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Шылманбет Нурсултан Асылбекұлының орнына 11 «В» сынып оқушысы Жаулыбай Айқын Ардақұлы дублёр болды. • Тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Кыздарбекова Наргул Казиханқының орнына 9 «Г» сынып оқушысы Сарсенгалиева Жансая Амирқызы дублёр болды. • Директордың әдістеме жөніндегі орынбасары Жапекова Индира Нурланқызының орнына 9 «А» сынып оқушысы Матай Даяна Рустамқызы дублёр болды. • Директордың әдістеме жөніндегі орынбасары Татибаева Ақмарал Жаманкуловнаның орнына 9 «А» сынып оқушысы Дүйсембек Инабат Думанқызы дублёр болды. • Мектеп психологы Бутабаева Айгул Рахимжанқызының • орнына 10 «А» сынып оқушысы Еримбетов Ерсин дублёр болды. • Әлеуметтік педагог Даулетбаева Сулушаш Габитқызының орнына • 9 «Ә» сынып оқушысы Алтынбек Насихат Русланқызы дублёр болды.

Толығырақ

02.10.2024 в 11:46 Пікір жоқ 37 қаралды

Мектептегі өзін- өзі басқару жұмысын жандандыру

Мектептегі өзін- өзі басқару жұмысын жандандыру, тұлғаның көпбасшылық қасиеттерін ашу және білім алушылардың ұйымдатырушылық қаблеттерін іске асыру мақсатында ертең 3 қазан күні өтетін Дублёр күнін хабарлаймыз

Толығырақ

02.10.2024 в 11:16 Пікір жоқ 37 қаралды

Ельзат Қанат ұлының Қ.Қошмамбетов атындағы орта мектебінің ұлағатты ұстаздарын құттықтауы

Алматы облысы Полиция департаменті Қарасай ауданы полиция басқармасының бастығы полиция майоры Ельзат Қанат ұлының Қ.Қошмамбетов атындағы орта мектебінің ұлағатты ұстаздарын құттықтауы

Толығырақ

02.10.2024 в 11:08 Пікір жоқ 39 қаралды

«Сенім жәшігі» мектептің фойесінде орналастырылды.

Мектепте 20.09.2024ж оқушылардың және ата-аналарының немесе оларды алмастыратын тұлғалардың жазбаша өтініштерін қарайтын «сенім жәшігі» және сенім телефоны іске қосылды. «Сенім жәшігі» мектептің фойесінде орналастырылды. Сенім жәшігі педагогтардың оқушылар мен ата-аналарының немесе оларды алмастыратын тұлғалармен тығыз байланыста болу мақсатында жасалған. Сенім жәшігінің міндеттері: 1) оқушының құқығы бойынша берілген өтініштерін жедел түрде тіркеу және қарау, сонымен қатар мектептегі оқу-тәрбие жұмысының жүргізілуіне ұсыныс білдіру. 2) өтініштерді қарау ҚР заңнамасына сай шараларды қабылдау; 3) сенім жәшігініе келіп түскен өтініштерді талдау, өтініштегі мәселені болдырмау мақсатында шаралар қолдану; 4) білімалушының мәселесін жедел түрде шешіп, қарастыру. Сенім жәшігінің жұмыс уақыты ақпараттық қабырғаға ілінеді, сонымен қатар мектептің сайтында жарияланады және әрбір оқушыға «сенім жәшігі» туралы ақпарат беріледі. Сенім жәшігіне өтініш беру жұмыс күндері сағат 08.00.-19.00.дейін жүргізіледі. Өтініштерді күнделікті мектеп әкімшілігі сағат 17.00.-де алады. Өтініш 5 күнде қарастырылады.

Толығырақ

01.10.2024 в 11:27 Пікір жоқ 219 қаралды

27.09.2024 ж алпы мектепішілік ата - аналар жиналысы өтті.

27.09.2024 ж алпы мектепішілік ата - аналар жиналысы өтті. Күн тәртібінде Балалар қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі отбасы мен мектептің өзара ынтымақтастығы Мектеп психологы А.Бутабаева Мектептің ішкі тәртібі _(Мектеп формасы ) Қаіпсіз интернет, қауіпті ойындар _(бейнеролик)_ Баланың интернеттегі қауіпсіздігін қамтамасыз ету жолодары туралы кеңес берілді. ДТІЖО Н. Шылманбет Schoolboy, runayway, stealt атты қауіпті тапсырмалары бар ойын түрлерімен таныстырылды.

Толығырақ

01.10.2024 в 11:22 Пікір жоқ 33 қаралды

Смартфон қәзіргі заманның аждаһасы

Смартфон қәзіргі заманның аждаһасы. Жас сананы улап қана қоймай, адамды өзіне тәуелді етуде. Тәуелділікті жою мақсатында, ата -ана өз баласын қадағалап, жіті тексерсе, бақылауға алса! Біз оқушылармызбен ұялы телефонды уақытпен пайдаланып, бірте бірте өзімізден алыстатсақ дейміз.

Толығырақ

28.09.2024 в 10:58 Пікір жоқ 33 қаралды

Choose Color