
Мен Қайрат Жанболат 9 “Ә” сынып оқушысы боламын!
Мен Қайрат Жанболат 9 “Ә” сынып оқушысы боламын! Өз ұстанымыммен бағдарламамды ұсына отыра 19-қазан күні мектебімізді өтетін мектеп парламентінің президенттік сайлауына өзімді үміткер ретінде ұсынамын. Маған дауыс беріңіздер! Мені қолдауларыңызды сұраймын!✅ #мағандауысберініздер @karasay_bilim_bolim
Толығырақ26.09.2024 в 10:51 Пікір жоқ 52 қаралды

Жаңа дизайндағы 10000 теңгелік банкнотаның негізгі қорғаныш элементтерін ұсынды
Жаңа дизайндағы 10000 теңгелік банкнотаның негізгі қорғаныш элементтерін ұсынды. Банкнотада рельефті қалыптастыратын – арнайы алтын интаглио баспа тәсілі қолданылған. Банкноттың беткі бетінің шетінде шығыңқы, жоғары рельефті элементтер бар. Олар қолмен ұстағанда жақсы сезілетін – көру қабілеті нашар адамдарға арналған белгі. Тағы да банкнота бетінде үзік-үзік түрінде шығып тұрған екі түсті қорғаныш жіп бар. Оны жарыққа тосып қарағанда бір тұтас жіп болып анық көрінеді. Банкнотаның көлбеу бұрышы өзгерген кезде көк және күлгін түстердің өзара әрекеттесуінен динамикалық лүпілдеу әсері пайда болатындығы айтылды.
Толығырақ26.09.2024 в 10:48 Пікір жоқ 50 қаралды

Ұйымшыл ұжым – сапалы білім кеншісі атты жас мамандарға арналған тренинг өткізді.
Әр мұғалім өзінің білімін жетілдіріп отыруы қажет деген ұстанымды берік ұстанған ұстаздарымыз қашан да өздерінің кәсіби білімдерін түрлі жетілдіріп, тәжірибе алмасып, білімдерін шыңдай түсуде. Бүгін, мектебімізде география пәні мұғалімі Г.Абишованың ұйымдастыруымен “Ұйымшыл ұжым – сапалы білім кеншісі атты жас мамандарға арналған тренинг өткізді.
Толығырақ25.09.2024 в 11:51 Пікір жоқ 33 қаралды

2024-2025 жаңа оқу жылында дәстүр бойынша Мектеп Парламенті Президент сайлауы өткізілетінін хабарлаймыз.
Құрметті ұстаздар мен оқушылар! 2024-2025 жаңа оқу жылында дәстүр бойынша Мектеп Парламенті Президент сайлауы өткізілетінін хабарлаймыз. Қойылатын талаптар: •9-10-11 сынып оқушысы болуы керек; •Оқу үлгерімі жақсы,мектептің оқу-тәрбие жұмыстарына белсенді қатысуы керек; •Мектептің бетке ұстар азаматы ретінде өз жауапкершілігін сезіне білу қажет. Үміткерлер назарына: •”Мен Президент болсам” тақырыбында сайлау алды бағдарламасын таныстырып, бейнеролик түсіру. Сайлауға үміткерлерді қабылдау (бейнеролик, сайлау алды бағдарлама қағазы) 25.09-15.10 күндері аралығына дейін жалғасады. • Сайлау 19 қазан күні сағат 09:00- 12:00 аралығында мекетепте ашық дауыс беру арқылы жүргізіледі. Егерде сіз осы талаптарға сай болсаңыз өз бағыңызды сынап,біздің ортамызға қосылуға шақырамыз. Үміткерлікке ұсыну және басқада сұрақтар бойынша педагог-ұйымдастырушы Джумаханова Айгерім 8778 981 67 15 Барлықтарыңызды сайлауға белкене қатысуға шақырамыз!
Толығырақ25.09.2024 в 11:46 Пікір жоқ 28 қаралды

Отбасы құндылығы - біздің мемлекетіміздің ұстанып отырған басты саясаты.
Әр халықтың бала тәрбиесіндегі өзіндік ерекшеліктері арқылы отбасы тәрбиесінің де өзіне ғана тән мәдени құндылықтары қалыптасады. Отбасы құндылығы - біздің мемлекетіміздің ұстанып отырған басты саясаты. Отбасында татулық пен береке болған балалар бақытты болмақ @karasay_bilim_bolim @almatyoblbilim #біртұтас_тәрбие #тарбие #new_tarbie
Толығырақ25.09.2024 в 11:43 Пікір жоқ 31 қаралды

Ибрагимова Жазираны туылған күні
Бүгін 9”Ә” сынып оқушылары үйден оқитын сыныптастары Ибрагимова Жазираны туылған күнімен құттықтап, Жазирамен әңгіме дүкен құрып, керемет сезімдері мен бөлісіп қайтты.
Толығырақ24.09.2024 в 11:41 Пікір жоқ 33 қаралды

Балаға біз үлкендер үнемі жол көрсетіп, қолдауымыз қажет.
Әр оқушының өз ойы болуы керектігін, қоғамның әсеріне түспеуі керек екенін білуі қажет. Сондықтанда әрбір балаға біз үлкендер үнемі жол көрсетіп, қолдауымыз қажет. @karasay_bilim_bolim @almatyoblbilim #біртұтас_тәрбие #тарбие
Толығырақ24.09.2024 в 11:38 Пікір жоқ 28 қаралды

Еңбек - түбі береке
2024 жылдың 23 - қыркүйек күні «Еңбек - түбі береке » тақырыбында 1- 11 сынып арасында сынып сағаттары өтті. Сынып сағатының мақсаты: білім алушыларды адал еңбекке баулу,еңбектің қоғамдағы рөлін түсіндіру және адал табыс бен адал еңбектің маңызын бағалау. #біртұтас_тәрбие #адалеңбек @karasay_bilim_bolim @almatyoblbilim
Толығырақ23.09.2024 в 11:36 Пікір жоқ 32 қаралды

1 сынып ата- аналарына психологиялық кеңес
1 сынып ата- аналарына психологиялық кеңес БІРІНШІ КЕҢЕС: Сізге ең басты қажеттісі балаңызға көбірек көніл бөліңіз. ЕКІНШІ КЕҢЕС: баланың бойындағы оқушы боламын деген талпынысын қолдаңыз, оқуға деген ықыласын малактап, дамытыңыз ҮШІНШІ КЕҢЕС: балаға жаңа өмір тәртібіне үйренуге көмек берініз ТӨРТІНШІ КЕҢЕС: мектеп шаруалары мен бала қиындықтарына байланысты сабырлы болуға тырысыңыз. БЕСІНШІ КЕҢЕС: балаға құрдастарымен қарымқатынас құрып, өзін сенімді сезінуіне көмек беріңіз АЛТЫНШЫ КЕҢЕС: Өз балаңыздың мектептегі жетістіктеріне байланысты парасатты болуға үйреніңіз ЖЕТІНШІ КЕҢЕС: балаңызға бірінші сыныптың бірінші жартыжылдығында шамадан тыс ауыртапалық жүктемеуге тырысыңыз.
Толығырақ23.09.2024 в 11:34 Пікір жоқ 38 қаралды

Бутабаева Айгуль “5 сынып оқушыларының орта буынға бейімделуі”
“Қ.Қошмамбетов атындағы орта мектеп” коммуналдық мемлекеттік мекемесінің педагог-психологы: Бутабаева Айгуль “5 сынып оқушыларының орта буынға бейімделуі” 1. Танысу тренингі “Жүрек жылуы” “Мақсаты: оқушылармен жақынырақ танысу, өзара жақсы қарым-қатынас орнату. 2. “Қанекей амандасайық” жаттығуы Мақсаты: оқушылар арасындағы қарым- қатынасты нығайту және жайлылық жағдайын құру. 3. “Менің эмоция және сезім” жаттығуы Мақсаты: оқушы бойындағы жағымды эмоциялар қалыптастыру. 4. “Жақсы тілектер” жаттығуы
Толығырақ23.09.2024 в 11:32 Пікір жоқ 65 қаралды