Меню KDT

logo.png?_=1731695312
 "Алматы облысы білім басқармасының Қарасай ауданы бойынша білім бөлімі"мелекетік мекемесінің "Қ.Қошмамбетов атындағы орта мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесі


8 (72771) 59-5-31

2024-2025 оқу жылында Директордың әдістеме ісі жөніндегі орынбасарларының ұйымдастырылуымен әдістеме отырысы болып өтті. Жиында “Әдістемелік нұсқаулық хат” таныстырылып,нұсқаулық хатта көрсетілген биылғы оқу жылындағы ерекшеліктер мен жаңашылдықтар таныстырылды. ӘБ жетекшілеріне өз бірлестіктерімен отырып талдап, талқылау тапсырылды.

“Қ.Қошмамбетов атындағы орта мектебі” коммуналдық мемлекеттік мекемесінде асхана жұмысының сапасын бақылау

“Қ.Қошмамбетов атындағы орта мектебі” коммуналдық мемлекеттік мекемесінде асхана жұмысының сапасын бақылау мақсатында Қарасай аудан білім бөлімінің бас маманы Гульнар Нұртазақызының қатысуымен бракераждық комиссия мүшелері тарапынан тамақтардың сапасы,құрамы мен мөлшері, ас әзірлеу орындарының тазалығы тексерілді.

Толығырақ

12.09.2024 в 14:18 Пікір жоқ 28 қаралды

Сұлтанбек Қожановқа биыл 130 жыл

Бүгін 10.09.2024ж мектебімізде ұлтымыздың біртуар марғасқасы Сұлтанбек Қожановқа биыл 130 жыл толуына байланысты 11- сынып білім алушыларының арасында тарихи танымдық сабағы өтті.Тарихи танымдық сабақты тарих пәні бірлестігінің ұстаздары А.Нышанов пен Ш. Сәрсенгалиева ұйымдастырды. Мақсаты: Ұлтымыздың біртуар марғасқасын еске алып, ұлағатты өмірін ұрпаққа өнеге ретінде насихаттау.

Толығырақ

10.09.2024 в 14:17 Пікір жоқ 36 қаралды

Ұшқыр ой алаңы

Ахмет Байтұрсыновтың 152 жыл толуына орай Ұлан орта мектебінде 09.09.2024 аумақтық “Ұшқыр ой алаңы” атты дебат турнирі өтті. Пікірталас ойынына мектебімізден 9 “ғ” сынып оқушысы Жүсіп Мұхамеджан және 9”а” сынып оқушысы Қудайберген Ерасыл қатысып жүлделі ll-дәрежелі дипломмен марапатталды. Дебат жетекшісі: информатика пәні мұғалімі М.Куанышова @karasay_bilim_bolim

Толығырақ

10.09.2024 в 14:14 Пікір жоқ 34 қаралды

Ахмет Байтұрсынұлының туғанына 152 жыл

“ А. Байтұрсынұлы орта мектебінде” 9 қыркүйек күні  толуына орай арнайы ұйымдастырылған “Ахметтің даналық тағылымы” атты аудандық 10 күнге созылған байқаудың алғашқы легі болып өтті. Аталмыш байқаудың көркемсөз номинациясында мектебіміздің 8в сынып оқушысы Сағындық Алмат бақ сынап, жүлделі 3-орынға ие болды. Жетекшісі: қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Омарова Назира Сабитқызы @karasay_bilim_bolim

Толығырақ

10.09.2024 в 14:10 Пікір жоқ 90 қаралды

Дені сау ұрпақ, ұлт болашағы

«Дені сау ұрпақ, ұлт болашағы» атты денсаулық күніне орай ұлттық ойын түрлерінен спорттық жарыс ұйымдастырылды. Жарыс қазақ халқының ұлттық ойындарын дәріптеу мақсатында ұлттық ойынымыз асық ату, бес тас, арқан тарту т.б ойын түрлерінен өтті. Жарыс кезінде оқушыларға ойынға қызыға қатысуына жағдай жасалып, орын алған оқушылар марапат қағаздарымен марапатталды. @karasay_bilim_bolim

Толығырақ

09.09.2024 в 14:08 Пікір жоқ 29 қаралды

Ауыл мектептерінің оқушыларына арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиада

Ауыл мектептерінің оқушыларына арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың І (бастапқы) кезеңі. Ауылдық жердегі мектептердің соңғы 9-11 сыныптарында екі оқу жылында оқитын барлық ниет білдірушілер қатыса алады. Қатысушылар бірнеше жыл қатарынан олимпиадаға қатысуға құқылы; Қатысуға ниет білдерген оқушылар аuyl.daryn.kz сайтында 4-20 қыркүйекке дейін оқитын мектептерінде компьютер немесе ноутбук арқылы тіркелуі тиіс. Толық ақпарат daryn.kz сайтында. Айта кетсек биыл олимпиада 4 кезеңнен өткізіледі: бірінші кезең (бастапқы) – қыркүйек айы; екінші (аудандық) – қазан айы; үшінші (облыстық) – қараша айы; төртінші (республикалық) – ағымдағы жылдың желтоқсан айы. Олимпиадаға қатысуға ниет білдірген барлық оқушыларға сәттілік тілейміз!!!

Толығырақ

06.09.2024 в 14:06 Пікір жоқ 23 қаралды

мектептің ішкі тәртібі, буллинг, кебербуллинг және жол ережесі туралы жиналыс

05.09.2024ж мектеп АКТ залында 8, 9, 10, 11 сынып оқушыларына және сынып жетекшілеріне мектептің ішкі тәртібі, буллинг, кебербуллинг және жол ережесі туралы жиналыс өтті. Жиналыстың мақсаты: буллинг және кибербуллинг туралы нақты анықтамалар бере отырып, оқушыларды буллинг және кибербуллингтен аулақ болуға, сондай жағдайлар болғанда қалай әрекет етуге үйрету болды. Жиналыс барысында оқушының сырт келбеті және жол ережесі туралы да түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Жиналысты ДТІЖО Н.Кыздарбекова жүргізді.

Толығырақ

06.09.2024 в 14:05 Пікір жоқ 40 қаралды

Алаш арысы, ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының туған күні.

5 қыркүйек – қазақ халқының тағдыры мен тілі үшін күрескен Алаш арысы, ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының туған күні. Сол себептен 2018 жылдан бастап атаулы датаның күні өзгеріп, 5 қыркүйекте мерекелене бастады. Елімізде 130-дан астам ұлт өкілдері тату тәтті өмір сүріп жатыр. Мемлекет құраушы ұлт – қазақтардың үлесі 70%-дан асады. Қазақстанда 100-ден астам ұлтқа Ассамблея жанында тілдерін дамытуға мүмкіндік жасалған. Меркеге орай мектебімізде Орыс тілі бірлестігі мемлекеттік тілге деген қызығушылықты және құрметті арттыру мақсатында, ұлттық мәдени мұраны үйрету арқылы, қазақ, орыс, ағылшын тілдерін еркін меңгеруге ынталандыру мақсатында «Язык – живая душа народа» атты мерекелік іс шара ұйымдастырды. @karasay_bilim_bolim

Толығырақ

06.09.2024 в 14:03 Пікір жоқ 62 қаралды

материалдық-техникалық база

Мектептің диретордың шаруашылық ісі жөніндегі орынбасары мектептің материалдық-техникалық базасын толық жауапкершілікке алады. Мектепте шаруашылық жұмыстарын ұйымдастырып, оны дамытуға басшылық жасап, бақылайды. Медбике, кіші қызметші персоналдар, жұмысшылар,күзетшілер,электрик жұмыстарының барлығын ұйымдастырып, жұмыс атқарады.

Толығырақ

06.09.2024 в 14:00 Пікір жоқ 36 қаралды

Тіл ұлттың жаны

Қазақ әліппесінің атасы Ахмет Байтұрсынұлы атамыздың туылған күнінің құрметіне орай арнайы тілдер күні мерекесі “ Тіл ұлттың жаны” тақырыбында аталып өтті. Тіл - халықтың жүрегі, отанның діңгегі екенін өскелең жасқа дәріптеп, ана тілімізді құрметтеуге шақыру. Қазақ тілінің мәртебесі биік, тұғыры мәңгілік болғай.

Толығырақ

05.09.2024 в 13:58 Пікір жоқ 26 қаралды

Choose Color