Меню KDT

logo.png?_=1731695312
 "Алматы облысы білім басқармасының Қарасай ауданы бойынша білім бөлімі"мелекетік мекемесінің "Қ.Қошмамбетов атындағы орта мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесі


8 (72771) 59-5-31

2024-2025 оқу жылында Директордың әдістеме ісі жөніндегі орынбасарларының ұйымдастырылуымен әдістеме отырысы болып өтті. Жиында “Әдістемелік нұсқаулық хат” таныстырылып,нұсқаулық хатта көрсетілген биылғы оқу жылындағы ерекшеліктер мен жаңашылдықтар таныстырылды. ӘБ жетекшілеріне өз бірлестіктерімен отырып талдап, талқылау тапсырылды.

Қауіпсіз қоғам

17.02.2025ж 5 сынып оқушыларымен Қауіпсіздік ережелері туралы танымдық тәрбие сағаты өтті. Сабақтың тақырыбы: «Қауіпсіз қоғам» «Жол белгілері және олардың мақсаты» ЖЖЕ «Мектептегі қауіпсіздік ережелері» Сабақтың мақсаты: • Оқушыларға қауіпсіз қоғам құрудың маңыздылығын түсіндіру; •Қоғамдық тәртіпті сақтау, қауіпсіздік ережелерін сақтау туралы білімдерін арттыру; •Оқушыларды жауапкершілікке, тәртіпке, өзгелердің қауіпсіздігіне бей-жай қарамауға тәрбиелеу. • Оқушыларға мектеп аумағындағы қауіпсіздік ережелерін түсіндіру. • Қауіпсіздік ережелерін сақтау мәдениетін қалыптастыру. • Төтенше жағдайларда дұрыс әрекет ету дағдыларын дамыту. Сыныбы: 5 “Г” Сынып жетекшісі: Нығматулла Г.С

Толығырақ

18.02.2025 в 22:16 Пікір жоқ 59 қаралды

1001 мақал, 101 жұмбақ

3 сынып оқушылары арасында "1001 мақал, 101 жұмбақ" атты сайыс өтті. Оқушыларды халқымыздың асыл сөздері мақал- мәтелдерді жаттай білуге, оны күнделікті ауызекі сөйлеу, тілдеріне қолдана білуге баулу, танымдық қабілетін арттыруға. Мақал - мәтелдердің қуатты тәрбие құралы екендігін танытуға, оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін арттыру, шапшаңдыққа, ептілікке, тіл байлықтарын арттыруға үйрету. Білімділікке, тапқырлыққа, тәрбиелеу оқушыларды туған елін, Отанын қадірлей білуге тәрбиелеу, шешендікке, сөз мәдениетіне оқушыларды тәрбиелеу. Оқушылар сайысқа белсене қатысты. Ұйымдастырушы 3"Ғ" сынып жетекшісі А. Хасенова

Толығырақ

18.02.2025 в 22:09 Пікір жоқ 52 қаралды

1 сынып оқушылары «Жалқау бала» ертегісін сахналады

Бүгін мектебімізде" Біртұтас тәрбие бағдарламасының" жоспарына сәйкес 1 сынып оқушылары «Жалқау бала» ертегісін сахналады. Сахналық қойылымның мақсаты кішкентай бүлдіршіндерімізге қуаныш сыйлау, сахна мәдениетін үйрету, ой өрісін кеңейту. Ертегі кейіпкерлерінің сөздерін жатқа жаттап, анық сөйлеуге тәрбиелеу. Ұйымдастырушы мектебіміздің 1- ші сынып ұстаздары Б.Нуржигитова, Ж.Сарыкулова, М.Нусипова, М.Дауетова, И.Кожахметова, Г,Сахиева

Толығырақ

18.02.2025 в 22:05 Пікір жоқ 48 қаралды

Шахмат жарысында мектебіміздің ұстаздары 2-орынды иеленді

Алматы облысындағы жергілікті “Ұстаз” кәсіподақ ұйымы қоғамдық бірлестігінің аудандық спарткиадасында шахмат жарысында мектебіміздің ұстаздары 2-орынды иеленді. Жеңіс құтты болсын!

Толығырақ

17.02.2025 в 21:57 Пікір жоқ 47 қаралды

Волейболдан мектебіміздің ұстаздары I –орынға ие болды

Алматы облысындағы жергілікті “Ұстаз” кәсіподақ ұйымы қоғамдық бірлестігінің аудандық спарткиадасында волейболдан мектебіміздің ұстаздары I –орынға ие болды. Жеңіс құтты болсын!

Толығырақ

17.02.2025 в 21:36 Пікір жоқ 61 қаралды

Дарынды оқушыларды ата-аналарымен марапаттау салтанаты өтті

14.02.2025жылы мектебімізде 2024-2025 жылғы I жарты жылдықта рес¬публикалық, облыстық аудандық пәндік олимпиада және спорт жеңімпаздары, оқу байқауларының жеңімпаздарын, дарынды оқушыларды ата-аналарымен марапаттау салтанаты өтті. Дарынды жастар – кез келген мемлекеттің мақтанышы. Елдің жарқын болашағы олардың білімі мен жаңа идеяларына байланысты. Білім, өнер, спорт , ғылым салаларында өздерінің жұлдыздарын жаққан дарынды шәкірттерімізге мектебіздің өнерлі оқушылары ән- жырларын арнап, ата - ана мен бала арасындағы қарым- қатынас пен байланысты суреттейтін тамаш қойылым сыйлады. Мектеп тек білім беріп қана қоймайды, тәрбиелеуші орта деген сөздің аясы дәл осы жерде өз орнын тапты. Марапаттау үшін мектеп директорынан өзге мектебіміздің қамқоршылық кеңесі де өз лебіздерін білдіріп, керемет кештің куәсі болды.

Толығырақ

17.02.2025 в 21:28 Пікір жоқ 69 қаралды

Үздік ағылшын тілі мұғалімі: Шығармашылық пен шеберлік

2025 жылдың 14 ақпан күні “Қ.Қошмамбетов атындағы орта мектебі” КММ-де “Үздік ағылшын тілі мұғалімі: Шығармашылық пен шеберлік” тақырыбында аймақтық конкурс ұйымдастырылды. Конкурстың мақсаты: Педагогикалық стажы 5-10 жылды құрайтын ағылшын тілі мұғалімдерінің кәсіби деңгейін бағалау, шығармашылық шеберліктерін арттыру, тәжірибе алмасу және педагогикалық жаңашылдықтарды енгізу арқылы білім беру сапасын жетілдіру. Аталған конкрусқа қатысқан педагогтер бас жүлде, I,II,III дәрежелі мақтау қағаздарымен марапатталды.

Толығырақ

15.02.2025 в 21:21 Пікір жоқ 78 қаралды

Өшпес ерлікке мәңгі тағзым!

Бүгін мектеп парламентінің ұйымдастыруымен «Өшпес ерлікке мәңгі тағзым!» атты ауған соғысының ардагерлерімен кездесу кеші өтті. Мақсаты: Ауған соғысына қатысқандар жайлы мағлұмат беру; Ауған соғыс ардагерлерімен таныстыра отырып, оқушылардың білімін көтеру. Іс –шараға келген ардагерлерімізбен оқушыларымыз сұхбат жүргізіп, біз үшін Ауған соғысына, ұрысына қатысқан жерлестеріміздің балалық шағымен, ерлігімен танысты. Ауған соғыс ардагерлері елінде болған соғыс зардаптары, ерліктері туралы өз білген көргендерін айтып берді

Толығырақ

13.02.2025 в 21:14 Пікір жоқ 67 қаралды

Тарих ғылымдарының докторы, профессор Ермұхан Бекмаханұлы Бекмахановтың туғанына 110жыл

Бүгін 9 сынып оқушыларымен «Тарих ғылымдарының докторы, профессор Ермұхан Бекмаханұлы Бекмахановтың туғанына 110жыл» толуына орай танымдық тәрбие сағаты өтті. Мақсаты: Сталинизмнің құрбаны болған, тұңғыш кеңес тарихшыларының бірі әрі бірегейі, тарих ғылымында доктор атағына тұңғыш ие болған азаматымыз, профессор, Қазақстан Ғылым академиясының корреспондент мүшесі Ермұхан Бекмахановтың өмірі мен қызмет орындары туралы рухани білім беру. Қазақ тарихының негізін салушы екеніне көздерін жеткізу. Ұйымдастырушы: тарих пәні мұғалімі Ш.Сәрсенгалиева

Толығырақ

13.02.2025 в 21:07 Пікір жоқ 91 қаралды

Choose Color