Меню KDT

logo.png?_=1731695312
 "Алматы облысы білім басқармасының Қарасай ауданы бойынша білім бөлімі"мелекетік мекемесінің "Қ.Қошмамбетов атындағы орта мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесі


8 (72771) 59-5-31

2024-2025 оқу жылында Директордың әдістеме ісі жөніндегі орынбасарларының ұйымдастырылуымен әдістеме отырысы болып өтті. Жиында “Әдістемелік нұсқаулық хат” таныстырылып,нұсқаулық хатта көрсетілген биылғы оқу жылындағы ерекшеліктер мен жаңашылдықтар таныстырылды. ӘБ жетекшілеріне өз бірлестіктерімен отырып талдап, талқылау тапсырылды.

"Roboline sprint" чемпионаты

Роботатехникадан аймақтық "Roboline sprint" чемпионатында "Linerage" санаты бойынша 6"В,Г"- сынып оқушылары Жамбул Жансерік пен Белқожа Елшат 2 орынмен марапатталды. Жетекшілері информатика пән мұғалімдері Құдайбергенов Райымбек, Куатбаев Қуандық! Жарайсыздар!!! Жеңіс құтты болсын!!! 👍👏👏👏👏👍

Толығырақ

06.02.2025 в 18:53 Пікір жоқ 62 қаралды

Жоғарғы сынып оқушылары мен Жаратылыстану пәндерінен ҰБТ-ға дайындық сабақтары

Қ.Қошмамбетов атындағы орта мектебі мен Қазақ Ұлттық Қыздар педагогикалық Университеті арасындағы келісімшартқа сәйкес бірлескен жұмыс жоспары аясында Жоғарғы сынып оқушылары мен Жаратылыстану пәндерінен ҰБТ-ға дайындық сабақтары ZOOM платформасы арқылы аптасын 3 рет сабақ кестесіне сәйкес өткізілуде. Мақсаты:Бейін алдындағы дайындықты қамтамасыз ету,ҰБТ-дағы қиындық туғызатын тақырыптар мен сұрақтарды талдау жасауға көмек беру,оқушыларды сапалы дайындаудың арқасында ҰБТ-ны жақсы тапсыруға ықпал ету.Күтілетін нәтиже-ҰБТ-да жоғары нәтиже көрсету.

Толығырақ

05.02.2025 в 18:20 Пікір жоқ 121 қаралды

Ұлттық ойын - ұлт қазынасы» тақырыбында «Асық ату

Бүгін «Біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында» 5 сынып оқушылары мен «Ұлттық ойын - ұлт қазынасы» тақырыбында «Асық ату» ұлттық ойыны ұйымдастырылды. Ойынға 5 сынып ұлдары мен ағалары қатысты. Ойын басында 5сынып ұлдарымен және ағаларымен «Ағасы бардың жағасы бар, інісі бардың тынысы бар» тақырыбында тәрбиелік сұхбат жүргізілді. Асық ату ойынның мақсаты: ұлтымыздың ұмытылып бара жатқан ойынын жаңғырту және оқушыларымыздың ойын туралы түсінік беріп, мергендікке ептілікке жеңіске деген құштарлыққа тәрбиелеу. Ойын нәтижесі бойынша 1 орын Радикұлы Саят 2 орын Тасқынбаев Санжарбек 3 орын Жүсіп Алижан 3 орын Сейдуллаев Рамазан Үздік ойыншы номинациясы Тасқынбаев Санжарбек Сұрмерген номинациясы Радикұлы марапатталды. Ағалары Жүсіп Мухамеджан Батырбек Бақдаулет Асарбай Асанбай алғыс хатпен марапатталды Жауапты: 5 "Ғ" сынып жетекшісі А. Жумагулова

Толығырақ

05.02.2025 в 18:07 Пікір жоқ 127 қаралды

7-8 сынып қыздар арасында өткен қол добынан мектебіміздің қыздар командасы 1 орынды жеңіп, ауданға жолдама алды

05.02.2025 жылы Ұлан мектебінде өткен аймақтық 7-8 сынып қыздар арасында өткен қол добынан мектебіміздің қыздар командасы 1 орынды жеңіп, ауданға жолдама алды. Жаттықтырушысы К.Сыдыков С. Самиголданов

Толығырақ

05.02.2025 в 17:58 Пікір жоқ 61 қаралды

5-6 сынып қыздары қол добынан 1 орынды жеңіп, ауданға жолдама алды

31.01.2025 ж Қошмамбет жайлы мектебінде өткен аймақтық жарыста мектебіміздің 5-6 сынып қыздары қол добынан 1 орынды жеңіп, ауданға жолдама алды Жаттықтырушысы С.Самиголданов К.Сыдыков

Толығырақ

05.02.2025 в 17:47 Пікір жоқ 90 қаралды

Қалдықтарды табысқа айналдырайық

Бүгін мектебімізде Біртұтас тәрбие жоспарына сәйкес 7-8 сынып оқушылары арасында «Қалдықтарды табысқа айналдырайық» тақырыбында сайыс ұйымдастырылды. Мақсаты: күнделікті өмірде аса мән бере қоймайтын қатты тұрмыстық қалдықтарды ұтымды жолдармен жою және оларды қайта пайдалану мүмкіндігінде қарасытыру. Атмосфераға зиянды қалдықтардың тасталуын азайту мен қоршаған ортаны сақтау үшін зиянсыз заттарды пайдалануға баулу. Табиғатты аялауға таза ұстауға тәрбиелеу. Табиғаттың тазалығы адамзаттың болашағының жарқын болуының кепілі екенін түсіндіру. Ұйымдастырушы география пәні мұғалімі Г.Абишова

Толығырақ

05.02.2025 в 17:33 Пікір жоқ 68 қаралды

IT – сынып 2025

Сабақтың тақырыбы: «IT – сынып 2025» интеллектуалды ойыны Мақсаты: Оқушылардың информатика пәніне қызығушылықтарын арттыру, алған білімдерін тереңдету, ой-өрісін және танымдық қабілеттерін дамыту, шапшаңдыққа, тапқырлыққа баулу. 1-орын 6в «Планшет» тобы 2-орын 6г «Смартфон» тобы 3-орын 6ә «Ноутбук» тобы Ұйымдастырушы: Информатика мұғалімдері

Толығырақ

04.02.2025 в 19:30 Пікір жоқ 64 қаралды

7 "Г" сынып оқушыларымен танымдық тәрбие сағаты өтті

Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық  бұзушылықтың, зорлық-зомбылықтың, қорлаудың, қудалаудың, балалар ортасында мектептегі қақтығыстардың алдын алу туралы түсінік қалыптастыру тақырыбында 7 "Г" сынып оқушыларымен танымдық тәрбие сағаты өтті. Сынып жетекшісі А.Ташмурадова

Толығырақ

04.02.2025 в 19:21 Пікір жоқ 60 қаралды

Қыз бала гигиенасының маңыздылығын түсіндіру және денсаулықты сақтауы

Бүгін 8,9 сынып қыздарына Қыздар клубының жоспарына сай қыздар клубы және мектеп медбикесі Ж.Муханбаеваның ұйымдастыруымен қыз бала гигиенасының маңыздылығын түсіндіру және денсаулықты сақтауы мәдениетін қалыптастыру, дұрыс тамақтану мен тазалық ережелерін ұстану қажеттілігі туралы жиналыс өтті. Ұйымдастырушы қыздар клубы және жетекшісі: Д.Айкоева

Толығырақ

04.02.2025 в 17:20 Пікір жоқ 62 қаралды

Choose Color