Меню KDT

logo.png?_=1731695312
 "Алматы облысы білім басқармасының Қарасай ауданы бойынша білім бөлімі"мелекетік мекемесінің "Қ.Қошмамбетов атындағы орта мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесі


8 (72771) 59-5-31

Мектебім-мейірім мекені!

«Қ.Қошмамбетов атындағы орта мектебі» КММ да 1 -қыркүйек білім күніне арналған “Мектебім-мейірім мекені!” атты салтанатты жиын тамаша деңгейде өтті. 1 және 11 сыныптарға арналған салтанатты жиын балаларды қуанышты көңілге бөледі. Мерекеге келген қонақтар ізгі тілектерін айтты. Жиын барысында мектептің өнерпаз оқушылары ән айтып, күй шертіп өз өнерлерін паш етті. 1-сынып оқушылары салтанатты жиынға өнерлерін көрсетіп, көрерменді тәнті етті.
Құрметті әріптестер!
Баршаңызды 1 қыркүйек – Білім күнімен әрі жаңа 2024-2025 оқу жылының басталуымен құттықтаймыз!Бала оқытып, шәкірт тәрбиелеу сынды күрделі қызмет пен ел игілігі жолындағы ерен еңбектеріңізге толағай табыс, шаңырақтарыңызға шаттық, отбасыларыңызға амандық, мықты денсаулық тілейміз!
Құрметті ата - аналар, оқушылар 1 -қыркүйек білім күні, жаңа оқу жылы құтты болсын!


https://www.youtube.com/watch?v=eRFxkR3AuOQ


Пікір жоқ
32 қаралды
Авторы: shkoshmambetova
Қосылды: 01.09.2024 в 13:14

Choose Color