Ауыл мектептерінің оқушыларына арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың І (бастапқы) кезеңі.
Ауылдық жердегі мектептердің соңғы 9-11 сыныптарында екі оқу жылында оқитын барлық ниет білдірушілер қатыса алады.
Қатысушылар бірнеше жыл қатарынан олимпиадаға қатысуға құқылы;
Қатысуға ниет білдерген оқушылар аuyl.daryn.kz сайтында 4-20 қыркүйекке дейін оқитын мектептерінде компьютер немесе ноутбук арқылы тіркелуі тиіс.
Толық ақпарат daryn.kz сайтында.
Айта кетсек биыл олимпиада 4 кезеңнен өткізіледі:
бірінші кезең (бастапқы) – қыркүйек айы;
екінші (аудандық) – қазан айы;
үшінші (облыстық) – қараша айы;
төртінші (республикалық) – ағымдағы жылдың желтоқсан айы. Олимпиадаға қатысуға ниет білдірген барлық оқушыларға сәттілік тілейміз!!!
Пікір жоқ
32 қаралды
Авторы: shkoshmambetova
Қосылды: 06.09.2024 в 14:06