2024 жылғы 6 қазанда «Қ.Қошмамбетов атындағы орта мектебі» КММ-де алғашқы әскери және технологиялық дайындық жетекшісі Азат Тукеновтың ұйымдастыруымен «Әскери патриоттық және адамгершілік тәрбиелеудің жалпы жүйесі» тақырыбында облыстық семинар-практикум өткізілді. Мақсаты: Әскери патриоттық және адамгершілікке тәрбиелеудің адам өміріндегі маңызы жайлы түсіндіру. Әскери патриоттың отбасында, мектептегі және әскердегі рөлі, әскери патриоттық және адамгершілікке тәрбиелеудің бастамасы үштік одақтан басталатынын түсіндіру. Семинарға жалпы білім беру ұйымдарының алғашқы әскери және технологиялық дайындық пән мұғалімдері қатысты. Семинардың бастамасы патриоттық нақышта болсын деп көк туымыз бейнеленген тәттілер таратылып, сол бойынша «Отбасы», «Мектеп», «Әскер» болып топқа бөлінді. Таныстырылым жасалып, әр кезең бойынша тапсырмалар орындалды. Іс-шарада сабақ кезеңдеріндегі жұмыс формалары мен әдістеріне көп көңіл бөлінді, сонымен қатар қатысушылар жаңа білім мен дағдыларды игеруді ескере отырып, өз тәжірибелерін жетілдіруге мүмкіндік алды. Келген қонақтар семинарға жоғары баға беріп, осындай тәжірибе бөлісуге арналған кездесулердің маңызды екендігі туралы пікірлерімен бөлісті. Семинар-практикум Ұстаздар мерекесімен тұспа-тұс келуіне орай мектеп өнерпаздарының ән-күйлерін тамашалап, келген қонақтарға ізгі тілектер айтылды. Батыр бабамыз Бауыржан Момышұлының «Ел дегенде еміреніп, жұрт дегенде жүгініп қызмет еткін!» деген қанатты сөзі арқау болып, еліміздің алдағы кемел болашағы, ең алдымен, толыққанды патриот жастарды тәрбиелеу сіз бен біздің борышымыз деп аяқталды.
https://youtube.com/shorts/ZEFZvM2OCRM?feature=share